Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Әзербайжанға ресми сапармен барды

  • AstanaTV
  • 24 тамыз 2022
  • 1260

Мемлекет басшысы Әзербайжанға ресми сапармен барды. Ел Президентін қарсы алу рәсімі "Загульба" резиденциясында өтті. Құрмет қарауылы рапорт бергеннен кейін, Қазақстан мен Әзербайжанның әнұрандары шырқалды. Мұнан соң ресми делегациялардың мүшелері таныстырылды. Президенттер жеке кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен келуге шақырғаны үшін Ильхам Әлиевке алғыс айтты. Мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынас үшін Әзербайжан Президентін "Алтын Қыран" орденімен марапаттады. Сапардың мақсаты елдер арасындағы - ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру. Тараптар осыған сай бірнеше құжатқа қол қойды.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Соңғы жылдары сауда көлемі үш есеге өскені қуантады. Бірақ бұл, әрине, қол қусырып отыруға себеп емес. Менің ойымша, сауданы ұлғайту мүмкіндіктері бар. Екі ел үкіметі аз уақытта арадағы сауда көлемін 1 млрд долларға дейін жеткізу үшін жұмыс істеуі керек.

Ильхам ӘЛИЕВ, ӘЗЕРБАЙЖАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша үлкен жоспарлар бар. Қазақстанда да, Әзірбайжанда да осы инфрақұрылымды құру бойынша уақытылы шаралар қабылданды. Қазір әңгіме екі ел арасындағы жүк ағыны көлемін, транзиттік әлеуетін ұлғайту туралы болып отыр. Тиісті органдар белгілі бір уақыттан бері осы бағытта белсенді жұмыс істеуде.

Сарапшылар да бұл сапарды тарихи оқиғаға балады. Олай деуге толық негіз бар. Себебі, биыл Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы дипломатиялық қатынасқа 30 жыл. Сонымен қатар, екі ел Президенттерінің екі жақты алғашқы кездесуі. Бұған дейін көшбасшылар түрлі іс-шаралар аясында ғана кездескен болатын.

Еркін ТҰҚЫМОВ, ҚАЗАҚСТАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Біз Әзірбайжан үшін Орталық Азияға, Қытайға, ЕАЭО-ға шығатын көпірміз. Ал біз үшін Әзірбайжан - Оңтүстік Кавказға, Түркияға, ЕО-қа, Таяу Шығысқа жол. Арадағы ынтымақтастықты дамыту керек.

А. Базарбай