Русский Сайттың толық нұсқасы

Өмірзақ Шөкеев отставкаға өтініш берді

  • AstanaTV
  • 26 тамыз 2022
  • 1435

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Президенттен өзін отставкаға жіберуін сұрады. Мұны аймақтық әкімдіктің баспасөз қызметі растады. Әкім бұл өтінішті екі күн бұрын жазған. Оның өтініші қабылдана ма, жоқ па - енді оны Президент шешеді. Өмірзақ Шөкеев бұған дейін, қол астындағы қызметкері - пара алды деп күдіктелген - Кентау қаласының әкімі болған Дәурен Мақажановтың кәнісі дәлелденсе, отставкаға кетуге дайынмын деген болатын. Мақажанов автокөлік жолдарын жөндеумен айналысатын серіктестік директорынан 98 мың 500 АҚШ долларын алды деген айыппен 10 жылға сотталып кетті. Айта кетейік, Өмірзақ Шөкеев аталған өңірді үш жылдан астам уақыт басқарып келеді.

Г. Сейтенова