Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысында ашық көмір кенішінде болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

  • AstanaTV
  • 31 тамыз 2022
  • 2324

Қарағанды облысындағы Қазақмыс корпарациясына тиесілі ашық көмір кенішінде болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. «БелАЗ» жүргізушісі, ішінде 5 жұмыскер отырған «УАЗ» көлігін не себепті жаншып өткенін полиция мен еңбек инспекторы бірлесіп анықтамақ. Арнайы тексеру жүргізу үшін комиссия құрылды. Жан түршігерлік оқиға «Молодежный» ашық көмір қазатын кеніште орын алған. Биіктігі 5 метр, ондаған тонналық «БелАЗ» ауыр техникасы «УАЗ» көлігін жаншып өткен. Осының салдарынан көліктегі 5 жұмыскердің екеуі оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Қалған үшеуі ауруханаға түскен болатын. Бүгін екеуі үйлеріне шығарылған, қалған біреуі әлі ауруханада жатыр.

Ғалымбек САЙЛАУҰЛЫ, ҚАРАҒАНДЫ қ. №1 КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

Науқасқа тексеру барысында политравма диагнозы қойылған. Науқастың жамбас сүйектері және алақан сүйектері, тобық сүйектерінің сынғаны анықталды, тексеру барысында. Қазір жағдайы бірқалыпты, ертең опреациялық ем жасауға жоспарланып жатыр.

А. Қуаш