Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбылда жүк пойызының төбесінен секірген жеткіншектің жағдайы ауыр

  • AstanaTV
  • 31 тамыз 2022
  • 1362

Жамбыл облысында пойыздың төбесінен секірген екінші баланың да жағдайы ауыр. Мұны дәрігерлер айтты. Оқыс жағдай Талас ауданында орын алған еді. 9 және 7 жастағы бір үйдің балалары, көрші ауылдағы әкелеріне жүк пойызымен жетпек болған. Вогонның төбесіне жасырын мініп алған екеу кейін көлік жылдамдығын асырғанда жүрексінген болу керек, жүріп келе жатқан пойыздың төбесінен секіріп кеткен. Жарақат алған жеткіншектер аурухана жеткізілген. 7 жастағы бала алған жарақытының ауырлығына байлынысты аурухананың жансақтау бөлімінде бақилық болды. Ал ағасы ауруханада жатыр.

Мұратқали ОТЫНШИЕВ, ТАЛАС АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Негізгі қойылған дигнозы бас миының жабық жарақаты, бас миының шайқалуы және маңдай аймағының жарақат алғаннан кейінгі жарасы болып танылады. Қазіргі таңда науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлықта.

Қайғылы жағдайға байланысты полиция іс қозғады. Құзырлылардың дерегінше балалардың ата-анасы 5 жыл бұрын ажырасып кеткен. Көрші ауылда тұрады екен. Ал, анасы балаларының бұл әркетінен хабарсыз болғанын айтты.

Нағима НҰРЛАНҚЫЗЫ, АНАСЫ:

Үйде болдым. Балдардың бәрі ойынға шықты бүкіл елдің баласы көше ғой, бұларда сол күнделікті ойынға шығып жүрген балалар. Ойынға барып келейік анашым деді. Үлкен қыз бар жаңағы інімнің қызы бар. Мақұл барып келіңдер бір-екі сағат ойнаңдарда қайтыңдар дедім. Бүкіл елдің балдары бар да, бұл екеуі жоқ. Содан іздеп бастадық қой уже.

Б. Жұмабайұлы