Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент жолдауы іс жүзінде қаншалықты орындалып жатыр?

  • AstanaTV
  • 31 тамыз 2022
  • 1901

Президент ертең Қазақстан халқына кезекті жолдауын жариялайды. Оны бұқара үлкен үмітпен күтеді. Мемлекетіміздің болашағын айқындайтын құнды құжат биыл наурыз айында да жолданған еді. Одан бері жарты жылға жуық уақыт өтті. Президент тапсырмасы қаншалықты іс жүзінде орындалып жатыр? Тілшіміз Бекболат Сатуов жауап іздеді.

Ел Президентті биыл 16 наурызда кезектен тыс жолдауын жариялады. Онда жаңа саяси реформаларды 10 бағытқа бөлініп жіктеп берген еді. Көпшілік үшін қызу талқыға түскен ол Президенттің өкілеттігі туралы болатын. Қоғам да, еліміз де өзгерді деген Қасым-Жомарт Тоқаев "суперпрезиденттік" басқару үлгісінен біртіндеп бас тарту керектігін айтты. Ал партияның мемлекеттік аппаратқа кірігуіне мүлдем жол бермеген жөн, деді. Осылайша Үкіметке нақты тапсырмалар беріп, саяси маңызды қадамдарға жол ашты. Саясаттанушы бүгінде бұл мәселелердің іске асырылып жатқанын айтты.

Бауыржан СЕРІКБАЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:

Өздеріңіз білесіздер мынау үш облысы құрылды. Жетісу, Абай және Ұлытау облыстары. Бұл бойынша да жұмыстар атқарылып жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес концепциясы қабылданды сол жолдау негізінде. Және мынау қазіргі кезде осы жолдаудың орындалу барысында мынау құқықтық сала да прокуратураның рөлін арттыру, құзіретін арттыру бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.

Президент дер кезінде қажетті шешім қабылдай біледі дейді,-белгілі экономист Мақсат Халық. Алайда мемлекет басшысының тапсырмалары іс жүзінде кей бағыттарда орындалмай жатқанына қынжылады.

Мақсат ХАЛЫҚ, ЭКОНОМИСТ:

Көптеген азаматтарымыз қазір қарыздан-қарызға, кредиттен-кредитке батып жатқан жағдайы бар. Тапсырма болды банкроттық туралы заң қабылдаңдар деді. Қане орындалғаны? Самұрық-Қазынаны трансформациялаңыздар деген нақты тапсырма болды. Қане ол жақта орындалып жатқан дүние? Бізде еститін президент бар, ал орындай алмайтын үкімет бар.

Дегенмен сарапшылар жолдаудың орындалу барысында асығыс шешім қабылдауға болмайды дейді. Өйткені президенттің берген тапсырмаларының дені ұзақ уақытты талап ететінін айтады. Сондықтанда әліптің артын баққан жөн дейді. Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы ертең, яғни 1 қыркүйекке жоспарланған. Жолдау республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі.

Б. Сатуов