Русский Сайттың толық нұсқасы

Конституция – құқықтық мемлекеттің негізгі заңы

  • AstanaTV
  • 31 тамыз 2022
  • 2162

Биыл ел Конституциясына 27 жыл толды. Негізгі заңға азаматтардың өмірін өзгертуге бағытталған бірқатар түзетулер енгізілді. Оның үстіне бұл жалпыхалықтық референдум арқылы жүзеге асты. Оған халық бір кісідей ат салысты. Бұл - Президент бастаған реформаларға қазақстандықтардың сенетінін көрсетті.

Конституция ел егемендігін айқындайтын басты құжаттың бірі. Қолданыстағы Ата заң 1995-ші жылы қабылданған еді. Содан бері бірнеше өзгерістер енгізілді. Ауыз толтырып айтар өзгерістерге, биыл ғана референдум арқылы қол жеткізілді.

Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Ата заңымыз, әрине, біздің мемлекеттілігіміздің негізгі бастауы. Біздің конституциялық құқықтарымыздың негізгі кепілі болып табылады. Өздеріңіз білесіздер, биыл мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев жалпы ұлттық референдум өткізді. Осының негізінде конституциямызға өте маңызды және өзекті саналатын өзгерістер енгізілді.

Жалпы 33 бапқа 56 түзету енгізіледі. Референдумның басты ерекшелігі - "Жаңа Қазақстан" құруға ұмтылыс, яғни конституциялық реформалар аясында саяси жүйенің жаңа трансформацияланған моделін қалыптастыру болды.

Тілеужан КІШКЕНЕБАЕВ, ЗАҢГЕР:

Бұрынғы Ата заңымызда жоғарғы кеңес деген бар. Жоғарғы кеңеске көптеген қарапайым халықтардың өзінің мұң-мұқтажын айтуға мүмкіншілігі қарастырылмаған. Референдумның қазіргі пайдасы, конституциялық сот құру болып отыр. Ал конституциялық сот халықтың тікелей осы сотқа жүгінуіне мүмкіншілігі пайда болады.

Осылайша тәуелсіздік тарихында алғаш рет қазақстандықтар өз қолдарымен еліміздің Негізгі Заңына өзгерістер енгізді.

Павел НОВОТНЫЙ, ЖУРНАЛИСТ (СЛОВАКИЯ):

Мен 10-15 минут ішінде сайлау учаскесіне 50-ге жуық адам келгенін көрдім. Бұл қазақстандықтардың жоғары азаматтық ұстанымын білдіреді. Референдум демократияландыру үшін маңызды қадам болып табылады және бұл көп инвестиция тартуға ықпал етуі мүмкін. Қазақстан - Орталық Азиядағы ең дамыған ел.

Дегенмен, алда еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуы бойынша орасан зор жұмыстар күтіп тұр. Реформалардың негізі дайындалды. Сарапшылар соңғы конституциялық түзетулер толықтай енгізілгеннен кейін құлақ асатынын мемлекетке айналатынымызға сенімді.

А. Базарбай