Русский Сайттың толық нұсқасы

12 мың бүлдіршін «Самұрық-Қазына» қорынан мектеп құрал-жабдығын алады

  • AstanaTV
  • 31 тамыз 2022
  • 1460

Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын, биыл «Самұрық-Қазына» қоры да қолдады. Олар мектеп табалдырығын аттайтын 12 мың баланы оқуға қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етті. Сый-сияпат алғашқылардың бірі болып алматылық және ақтөбелік оқушыларға табысталды.

Алматыда еліміздің түпкір-түпкіріне мыңдаған рюкзактарды әзірлеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Еріктілер оқушы сөмкесіне мектепке керек-жарақтар, оқу құралдарын толтырған. Енді олар жуырда өз иелеріне табысталмақ. Игі бастаманың игілігін ел аумағындағы мыңдаған оқушылар пайдаланатын болады.

Ғибрат АУҒАНОВ, «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС, ӘЛЕУМЕТТІК-ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Бүгін «Самұрық-Қазына» қоры балалар жылына орай республикалық «Мектепке жолды» қолдап отырып, 12 мың балаларға бірінші сыныпқа баратын балаларға қажетті құрал-жабдықтарды қамтып отыр. Осы құрал жабдықтарымызды он облыстық орталықтарға жіберіледі.

Мейрамгүл Сатмағамбетова көпбалалы ана. Бес баланың үшеуі мектепте оқиды. Мейрамгүлдің бірінші сыныпқа баратын кенжесі бүгін мектеп жабдығын алды. Бұл отбасы үшін биыл балаларды жаңа оқу жылына дайындау оңай болмаған.

Мейрамгүл САТМАҒАМБЕТОВА, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мектепте енді үш балам оқиды ғой. Мынадай заманда оңай емес. Бір балаға елу мың кетеді. Кеше мектептен ақшалай көмекте алдық. Оғанда рақмет. Сол берген ақшасына барынша киімдерін алып дайындадым. Рақмет барлықтарыңызға Алладан қайтсын.

«Самұрық-Қазына» қорының көмегін бір ғана Ақтөбеде 262 оқушы алды. Алдағы уақытта қор жалпы облыс бойынша сегіз жүзден астам оқушыны мектеп жабдығымен қамтамасыз етуді жоспарлап қойған.

Б. Рақметова