Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада қоғам қайраткерлері конституцияға енгізілген өзгерістерді талқылады

  • AstanaTV
  • 31 тамыз 2022
  • 1438

«Конституция. Жаңа Қазақстан. Қарқынды қадамдар». Елордада атаулы мерекеге орай осындай атаумен дөңгелек үстел өтті. Жиынға жиналған қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері Ата Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылады.

Биыл маусым айында еліміздің басты құжатына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Кездесуге жиналған азаматтар осы мәселелерді жан-жақты саралады. Конституция іс жүзінде орындалғанда ғана халыққа қызмет етеді дейді – қоғам қайраткерлері.

Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ, Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ ПРОРЕКТОРЫ:

Еліміздің Ата Заңы, конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жатыр. Мұның бәрі де жаңа, жаңарған қоғамымыздың мүмкіндіктерін және жаңа белестерге шығатын өзінің бір заңдық айғақтарын негіздейді.

Конституциясының негізгі құндылығы – халық. Осыны еске салған Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, халық мүддесін қорғау – басты мақсат екенін айтты.

Есет БАЙКЕН, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ата Заңымызда белгіленген басты құндылықтар ол – мемлекеттің азаматтары ғой. Осы азаматтардың емін-еркін, елімізде өмір сүріп, дамуына және болашаққа жоспар құруына толыққанды мүмкіндік беретіндігі туралы барлық спикерлеріміз атап өтті.

Ата Заң ауызбіршілікке, еркіндікке және теңдікке апаратын даңғыл жол болуға тиіс. Жиынға қатысушылар мемлекеттік мереке қарсаңында бір-бірін құттықтап, ел тұғырының берік және көк туымыздың биік болуын тіледі. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, заң саласындағы мамандар Конституцияның іс жүзінде пайдасын асырып, халыққа қызмет етуіне атсалысамыз деп келісті.

А. Задабек