Алматыда әмбебап жекпе-жектен республикалық Кубок өз мәресіне жетті. Сайыста Қазақстан Қарулы күштері мен құқық қорғау органдарының өкілдері күш сынасты. Жарысқа Мәдениет және Спорт министрлігі, Қазақстан ардагерлер қауымдастығы және «AMANAT» партиясының қолдау білдірді. Әр өңірден жиналған 195 спортшы 34 салмақ дәрежесінде бәсеке түсті. Тартысты жарыс екі күнге созылды. Нәтижесінде командалық есепте бірінші орынды Шымкент қаласының спортшылары жеңіп алды. Екінші орынды ақтөбеліктер иеленсе, қола жүлде алматылықтарға бұйырды. Жеңімпаздар қазан айында Түркияда өтетін Әлем Кубогына жолдама алды.
Бақытбек СМАҒҰЛ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Әмбебап жекпе-жектен ерлер мен әйелдер арасындағы республикалық «Көк түрік тарландары» атты Кубогы, негізінен, мақсатты бағдарлама бойынша өткізіліп жатыр. Біз жастарды қазіргі таңдағы Отансүйгіштікке баулығанда әскер қатарына баратын жігерлі, айбынды, мықты азаматтарды тәрбиелеп жатырмыз.
М. Жақан