Русский Сайттың толық нұсқасы

"Баланы мектепке даярлайық!" қайырымдылық акциясы аяқталды

  • AstanaTV
  • 31 тамыз 2022
  • 2062

"Баланы мектепке даярлайық!" қайырымдылық акциясы аяқталды. Шара барасында "AMANAT" партиясы 23 мыңнан астам отбасының 42 мың оқушысын мектеп формасымен, оқулықтармен және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етті. Мұны партия төрағасы Ерлан Қошанов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Сондай-ақ 2022 жылдың соңына дейін 214 мың орындық 225 жаңа мектеп пайдалануға беруге ат салыспақ. Ертең 81 білім ошағы жаңадан есігін айқара ашады. Сондай-ақ үш ауысымды және апатты мектептердің мәселелері де партияның бақылауында тұр. AMANAT» өзінің сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында балалардың білім алуына лайықты жағдай жасау бағытында ауқымды жұмыстар атқарып жатыр деді партия төрағасы.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

«Баланы мектепке даярлайық!» акциясы бұл бір рет қана өткізілетін іс-шара емес. Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған партияның ауқымды жүйелі жұмысының бір бөлігі. «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында ғана 13 мың адам жұмыспен қамтылып, 37 мың отбасына АӘК алуға көмек көрсетілді, 49 мың отбасына біржолғы әлеуметтік көмек төленіп, 146 отбасы баспаналы болды.

А. Задабек