Русский Сайттың толық нұсқасы

Шетелдік бизнестің жағдайын жақсарту Қазақстанға көптеген компанияларды тартады, - елші

  • AstanaTV
  • 01 қыркүйек 2022
  • 1382

Бизнестің жағдайын жақсарту Қазақстанға көптеген компанияларды тартады. Бұл туралы Еуроодақтың Қазақстандағы елшісі мәлімдеді. Мемлекет басшысының жолдауын тындаған елші, қомақты қаржы құйып жатқан бизнесмендер үшін айтарлықтай жеңілдіктер болатынын атап өтті. Дипломат өз тарапынан Еуроодақ Қазақстанмен бірлескен жобаларды әрі қарай да қолдайтынын айтты. Ол демократияландыру, адам құқықтары, ашықтық саласындағы реформалардың барлығы жоғары деңгейде жүзеге асырылатынына сенімді.

Кестутис ЯНКАУСКАС, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ЕЛШІСІ:

Саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың маңызы бұрынғыдан да айқындала түсті. Бұл туралы біз бүгінгі Жолдауда естідік. Еуропалық Одақпен жұмысты нығайта түсетін біраз дүниелер айтылды. Ол – шағын және орта бизнесті қолдау, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік және су мәселесінің маңыздылығы. Біз бұл бағыттар бойынша жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз. Бүгін Президент көп инвестиция бөлгендерге жағдай жақсаратынын айтты. Бұл көптеген компаниялардың қызығушылығын оятады. Бұған дейін де үкімет деңгейіндегі бірнеше кездесулеріміз өтті. Еуропалық Одақ Қазақстанның ірі инвесторы болып қала береді және бұл тәжірибелер жалғасын табады.

«Кең ауқымды әрі көп қырлы». Бұл Беларусь елшісі Павел Утюпиннің пікірі. Ол әсіресе, шетелдік кәсіпкерлер үшін маңызды болып саналатын Салық кодексінің қайта қаралуына тоқталды. Естеріңізге сала кетейін, белорусь бизнесі біздің елде азық-түліктен жиһазға дейін кеңінен ұсынылған. Өткен жылы мемлекеттер арасындағы тауар айналымы 1 миллион доллардан асқан.

Павел УТЮПИН, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

Біз бизнесті дамыту және Ұлттық экономикаға үлес қосу тұрғысынан теңдестірілген тәсілді көріп отырмыз. Бұл ретте жастардан бастап, ұлттық әл-ауқат қорының бастамасын қолдау, билік органдарымен бірлесе отырып, бизнес процедураларын жеңілдету және Салық кодексінің қайта қарауын жасау бойынша үлкен бастамалар бар.

А. Серік