Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбылда болған жауынгер өліміне қатысы бар күдікті ұсталды

  • AstanaTV
  • 02 қыркүйек 2022
  • 1652

Жамбылдағы "Шөлдала" шекара бөлімінде болған қайғылы жағдайға қатысы бар күдікті ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі ақпарат таратты. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Аталған оқиға Қылмыстық кодекстің қызметік өкілеттікті асыра пайдаланып, салдары зардапқа әкеліп соқтырған деген дерекпен тергеліп жатыр. Онымен Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасының Тараздағы бөлімі айналысуда.

ҚР ІІМ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Тараздың мамандандырылған тергеу соты күдіктіні қамауда ұстау жөнінде шешім шығарды. Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу деректері жарияланбайды.

Айта кетейік бұл оқиға 19 тамыз күні Жамбыл облысы "Шөлдала" шекара бөлімінде болды. Мерзімді әскери міндетін атқарып жүрген сарбаз суицид жасаған. Кейін марқұмның сүйіктісі оның соңғы хатын жариялады. Онда қорқатынын жеткізген. Еске салайық Отан алдындағы борышын өтеуге келген жас жауангер, биыл көктемде ғана Атыраудан Жамбылға келген болатын.

Б. Жұмабайұлы