Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандықтардың 80%- ы Президент жолдауында айтылған ұсыныстарға оң баға берді

  • AstanaTV
  • 02 қыркүйек 2022
  • 1293

Қазақстандықтардың 80%- ы Президент жолдауында айтылған ұсыныстарға оң баға берген. Орталық коммуникациялар қызметі жүргізген экспресс-сауалнама нәтижесі осыны көрсетіп отыр. Мемлекет басшысы  Жолдауда халықты толғандыратын мәселелерді қозғады. Осыдан болар қазақстандықтардың 43 пайыздан астамы Президент жолдауынан хабары бар екенін көрсеткен. Тағы 49 %-ке жуығы жаңа өзгерістер жайында естіген. Ал 7,67 пайызы Жолдаумен танысып үлгермепті. Сауалнама онлайн қатысқан 800 адамның 80 % Президент жолдауында айтылған ұсыныстарға оң баға берген. 15 пайызы бейтарап пікірде. Азаматтардың басым бөлігі бала күтімі үшін төлемдердің ұзартылуын ұлттық қордағы қаржының 50%-ын 18 жасқа дейінгі балалардың есепшотына аударылуын, ең төменгі жалақы көлемінің 70 мың теңгеге дейін өсуін, әйелдердің 61 жаста зейнет жасына шығуын және 100 мың жасты жұмыспен қамтуды қолдап пікір білдірген.

А. Қуаш