Русский Сайттың толық нұсқасы

Табиғи апаттардың ауқымы жыл сайын жойқын болып барады

  • AstanaTV
  • 05 қыркүйек 2022
  • 2229

Әлемде де соңғы күндері өрт өршіп тұр. Ғалымдар мұны климаттың өзгеруімен, ауаның құрғақтығымен тікелей байланыстырады. АҚШ-та биыл 30 мың түп ағаш отқа оранды. Мыңдаған адамдарды эвакуациялауға тура келді. Өрт сөндірушілер әлі күнге дейін апаттың зардаптарымен күресуде. Ал Францияда тамыз айында өрт көп болды. 7 мың гектарға жуық орманды алқап өртеніп кеткен. Жалын бірнеше құрылысты жалмаған. 10 мың тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Грузиялықтар да қызыл жалынмен арпалысты. Ал, пәкістандықтарға су қауіп төндірді. 1 мың 208 адам қаза тапты. Табиғи апат 33 миллион адамға залалын тигізіп, 1 миллионға жуық тұрғын, үйсіз қалды.

Т. Әлжанов