Русский Сайттың толық нұсқасы

«Amanat» партиясының Қарағанды облыстық филиалының белсенділері президент жолдауында айтылған өзгерістерді талқылады

  • AstanaTV
  • 05 қыркүйек 2022
  • 2392

«Amanat» партиясының Қарағанды облыстық филиалының белсенділері, Президент ұсынған өзгерістерді қолдайды. Жаңашылдықтар бүгін партия активінде талқыланды. Жиынға өңірдің зиялы қауым өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты. Аманаттықтардың айтуынша бұл жолғы жолдау елдің әлеуметтік- экономикалық әл- ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді. Әсіресе бала күтімі үшін берілетін төлемнің ұзартылғаны, Ұлттық қордағы қаржының 50 пайызы 18 жасқа дейінгі балалардың есепшотына аударылуы үлкен қолдауға ие болып отыр. Партия филиалының қоғамдық қабылдауынан көмек сұрайтындардың дені көпбалалы аналар мен жағдайы төмен отбасылар. Сондықтан елдегі жаңа бастамалар әр жанұяның тұрмысын жақсартады, - дейді жиналғандар.

Бекзат АЛТЫНБЕКОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Кез- келген реформа мен тарихи өзгерістердің артында халық тағдыры тұр. Президент жолдауында әлеуметтік сала жүгін жеңілдетуге арналған бағыттардың басымдыққа ие болуы қуантады. Біздер «Amanat» партиясының мүшелері жолдауда айтылған барлық бастамалар мен нақты міндеттерді толығымен қолдаймыз және жүзеге асыру белсене ат салысамыз.

А. Қуаш