Президентті 7 жыл мерзімге сайлау туралы өзгерісті Конституцияға биылдан қалмай енгізу керек. Парламент Мәжілісінің спикері, "AMANAT" партиясының төрағасы Ерлан Қошанов депутаттарға осыны жеткізді.
Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бұл мемлекетіміздің болашағы үшін өте қажет, өте маңызды. Себебі, бізде президенттік басқару формасы ғой. Сондықтан осы маңызды мәселе биылғы сайлауда басталуы керек деп есептеймін. Мұны әрі қарай 5 жылға соза берудің қажеті жоқ. Егер біз биыл 7 жылды күтіп жүрсек, бұл реформа 5 жылға қарай созылып кетеді.
Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаттары саяси партияларды тіркеу тәртібіне қатысты түзетулер енгізілген заң жобасын қарады. Жоба бірінші оқылымда мақұлданды. Әділет министрлігінде қазір үш саяси партияның тіркеу туралы өтініш жатыр. Министр Қанат Мусиннің айтуынша, олардың екеуі мүшелерін съезге жинау қамымен жүр. Ал, бір партия съезін өткізіп болып, мүшелерінің тізімі тексертіп жатыр. Әділет министрі жалпы сегіз партия тіркелуге өтініш бергенін, бірақ олар бірінші кезең талаптарын толық орындап болмағанын айтты.
Г. Сейтенова