Русский Сайттың толық нұсқасы

"Жетістік үшін жеті жыл жеткілікті" - халық пікірі

  • AstanaTV
  • 07 қыркүйек 2022
  • 1285

Ел басқаруға келген адам 7 жылда белгілі бір жетістерге жете алады. Елордалықтар мемлекет басшысы Жолдауда айтқан Президент сайлауына қатысты ұсыныстарды қолдайды. Жуырда Президент сайлауы өтеді. 7 жыл мерзімге, әрі екінші қайтара сайлана алмайды. Ұсынысты Мемлекет басшысы 1-ші қыркүйектегі Жолдауында айтқан еді. Мұны бұқара қолдап отыр. 7 жыл нәтиже көрсету үшін жеткілікті деп санайды.

БЛИЦ:

- Президенттің 7 жылға бірақ-ақ рет сайлануын қолдаймын. Себебі Еуропа елдеріне қарайтын болсақ, солай жұмыстары жүріп жатыр. Және қарайтын болсақ, дамып жатыр олар да.

- Алдына қойған мақсаттарын, программаларын орындау керек өзі қойған мақсатын. Орындай білсе ол значит Президент. Халық та оған сене бастайды. Ал егер срогы аз болса оған жетпеуі де мүмкін. Сосын айтады бастауын бастап алды да кетіп қалды дейді.

- Бір жеті жылдық өзгертуге бәрін, өзінің ойындағы нәрсенің бәрін істеп, ыңғайластыруға уақыт жетік деп ойлаймын.


А. Базарбай