Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандағы және шетелдегі бір реттік президенттік туралы сарапшылар айтты

  • AstanaTV
  • 07 қыркүйек 2022
  • 2418

Президенттің 7 жылға, қайта сайлануға құқығынсыз  1 рет сайлануы туралы сарапшылар пікір білдірді. Айтуларынша, бұл халықаралық тәжірибеде уақыт аз болған кезде тиімді. Бір реттік президенттік қай елдерде бар? Және ол қалай жұмыс істейді? Әріптесім тарқатып айтады.  

Бірреттік сайлау жүйесін ұзақ жылдар бойы ұстанып келе жатқан ел - Оңтүстік Корея. Мұндай тәжірибені олар 1987 жылдан бастап қолданып келеді. Бұған дейін Корея кедейліктен көз ашпаған ел еді. Ал қазір ол смартфондар, косметика және тұрмыстық техника өндірісіндегі көшбасшы. Біздегі сарапшылардың айтуынша, халықаралық аренада мұндай тәжірибе аз.

Әлішер ТАСТЕНОВ, ҚАЗАҚСТАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ:

 
Бұл Президенттің билікке деген қызығушылығын болдырмайды. Және бұл заңда бекітілетін болады. Жаңа президент барлық саяси, экономикалық жоспарларды, амбицияларды жүзеге асыру үшін тек 7 жыл бар екенін біліп, бар уақытын нәтижеге арнайды. Барлығы оның іс-қимыл жоспарын бақылайды.

Шетелдік инвесторлар үшін де бұл маңызды дейді сарапшылар. Айтуларынша, ел экономикасын дамытып, тың идеяларды алып келеді.

Ермек ТОҚТАРОВ, ҚАЗАҚСТАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ САЯСИ ЗЕРТТЕУЛЕР БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:


Біз демократиялық мемлекетте тұрамыз. Біз үшін және өз тарихымыздың негізінде, басқа да елдердің дамуына қарайтын болсақ  бұл ең жоғары биліктің ауысуы өте маңызды. Тұрақтылықты сақтау үшін, саяси жүйенің жаңғыруына оның демократиялануына өте маңызды, өте керек.

Қазір Оңтүстік Корея бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша рейтингісінде көшбасшы. Көптеген зерттеушілер елдің өзгеруін соңғы жылдары орын алған саяси реформалармен байланыстырады. Бұл үшін 7 жылдық мерзім жеткілікті дейді сарапшылар. Конституцияға жақында енгізілген түзетулерге сәйкес ортақ іске президент қана емес, қуатты парламент те тартылатын болады.

А. Базарбай