Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбылдықтар өрттен зардап шеккен қостанайлықтарға 80 тонна жүк жөнелтті

  • AstanaTV
  • 07 қыркүйек 2022
  • 1147

"AMANAT" партиясы мұрындық болған өрттен зардап шеккен қостанайлықтарға жылу жинауға жамбылдықтар да ат салысты. Гуманитарлық көмек тиелген жүк көліктері бүгін Тараздан аттанды. Құны 21 миллион теңге болатын, тұрмыстық заттар мен азық-түліктің көлемі 80 тоннаға жуықтайды. Қайрымдылық шараға жергілікті кәсіпкерлер мен аймақ жұрты жұмылды. Шаруалар 5 тонна ұн, 2 тонна макарон, 7 жарым тонна көкеніспен көмектесті. Қант зауыттары 10 тонна шекерін артып жіберді. Бұдан бөлек жүк көлігіне 20 тоннадан аса құрылыс материалдары тиілген. Сонымен қатар дәрі-дәрмек пен киім-кешекте салынған. Бұл игі шара өңірде әлі де жалғаспақ.

Дауыл БЕЙСЕНҚҰЛОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Қостанай облысында орын алған табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында «Аманат» паритясының Жамбыл облысытық және аудандық филиалдар жанынан гуманитарлық көмек жинау пунткері ашылған болатын. Барлық кәсіпкерлерге біздің азаматтарға, осындай игі істе құр қалмай көмек қолдарын созғаны үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.

Б. Жұмабайұлы