Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордадағы жаңа жылу электр орталығының іргетасына капсула салу рәсімі өтті

  • AstanaTV
  • 07 қыркүйек 2022
  • 1739

Қызылордада жаңа жылу электр орталығының іргетасына капсула салу рәсімі өтті. Оған облыс әкімі, инвестор компания өкілдері мен Сыр жұртшығы қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 3 жылда қуаттылығы жоғары, заманауи станциялар салуды тапсырған болатын. Соның негізінде ел бойынша алғашқылардың бірі болып Қызылордада жылу электр орталығы бой көтереді.

Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

215 млрд теңгеден асатын жоба 36 ай ішінде аяқталады деп күтілуде. Заманауи қондырғылар республиканың 2 аймағында ғана салынады. Ерекше айтуға тиіспіз, жаңа жылу электр станциясын салу туралы шешімге келу тәуелсіздік алған жылдары инвесторлардың табысына салынатын ең ауқымды теңдесіз жобалардың бірі болмақ.

Жылу электр орталығы яғни инвесторлардың қаржысына салынады. Бұған дейін оның алғышарты ретінде тараптар екі жақты келісімге қол қойған еді. Ал бүгін станцияның іргетасына капсула салынды.

Қуаттылығы 240 мегаватқа жететін орталық құрылысын Түріктің «Акса Энерджи» компаниясы жүргізеді. Алпауыт мекеменің бұл салада тәжірибесі мол.

Коркут ОЗТУРК, «АКСА ЭНЕРДЖИ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұған дейін әлемнің 7 елінде жылу электр орталығын салдық. Біз орталық Азияның жарық жұлдызы Қазақстанмен жұмыс істеуді мақтан тұтамыз. Құрылысты сапалы әрі мерзімінде аяқтаймыз. Сенім білдіргендеріңізге рахмет.

Жылу электр орталығы 2025 жылы ел игілігіне беріледі. Тариф бағасы бұрынғыдай сақталады дейді жауаптылар.

М. Тоқтасынқызы