Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайдың Әулиекөл ауданында 700-ден астам отбасы азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттар алды

  • AstanaTV
  • 08 қыркүйек 2022
  • 2043

«AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері Қостанайдың өртке оранған ауылдарын үйінділерден тазартуға көмектесіп жатыр. Қыз-жігіттердің бір бөлігі зардап шеккен тұрғындарға азық-түлік таратты. Партияның аймақтық филиалының ақпараты бойынша, 5 күнде аманаттықтар Аманқарағай, Озерное және Басаман ауылдарында 731 үйге тұрмысқа қажетті заттар мен азық апарып берген. Жалпы алғанда 270 тонна гуманитарлық көмек таратылды.

Олжас МАМЫР, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ВОЛОНТЕРІ:

Қостанайдағы жағдайды естіген сәттен бастап, бір орында тұра алмадық. Сол түні естіген сәттен көмек жинау, көмектерді жіберу, волонтерлар тобын ұйымдастыру бойынша жұмыстар жасалды. Қазір көзімізбен аралап көрдік, тек қана бір сөз айта аламыз, «Қостанайлықтар – біз сіздермен біргеміз!

Жайна ӘЛІМОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ БЕЛСЕНДІСІ:

Қыздардың жұмысы сұрыптау, тауарларды бөліп салу, қанша тауар кеткендігін, кімдер алып жатқанын, соның барлығын бақылауда ұстап жатырмыз.


Еске сала кетейік, аманаттықтар зардап шеккендерге 1200 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады. Партияның Орталық аппараты ұжымы зардап шеккендерге көмек көрсету қорына біркүндік жалақысын аударды.

Г. Сейтенова