Алматыда жатақханадан орын таппаған студенттер далада түнеп жүр. Жалға пәтер алуға қалтасы көтермеген жастар, саябақтарда, метро мен вокзалдарда, тіпті көлікте түнеуге мәжбүр. Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Дегенмен алматылық әріптесім қиын жағдайға түскен студенттердің бар екеніне көз жеткізіп қайтты.
Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ:
Бұл Алматыдағы әйгілі «Жетім бұрыш» мекені. Мұнда үйді жалға берушілер таңның атысынан кештің батысына дейін жарнама жасап жүреді. Баспана іздеп сабылып жүрген студенттер де, ең алдымен, дәл осы жерге келеді.
«Жетім бұрышта» үй іздеп келушілердің, оның ішінде студенттердің қарасы көп. Түрін жасыруды сұраған мына азаматтар да пәтерлердің қымбаттағанын айтып, ағынан жарылды. Сөздерінше, алатын шәкіртақылары жетпейді. . Жоғарғы курс студенттері бұған дейін де талай рет саябақтарда түнеуге мәжбүр болғандарын айтты.
СТУДЕНТ:
Жататын жер мәселесі өте қиын болып тұр. Дорожный сумкаларымен көшеде қаңғып жүрген студенттерді көп көрдім. Сабақтан кейін квартира іздеп жүреміз де, кешке дейін табылмағаннан кейін, амал жоқ, далада қаламыз достарымызбен. Пакртарда, скамейкаларда, арбатта қалған кездер болды.
Білім алушылар жатақханалардың көбінесе 1-ші курс оқитын студенттерге берілетінін айтып күйінеді. Амалдың жоқтығынан пәтерақы үшін түнде жұмыс істеуге тура келеді деді. Пәтер іздеп, алаяқтарға ұрынып қалатындарын да жасырмады.
СТУДЕНТ:
Әсіресе, 1, 2, 3, курс студенттеріне өте қиын. Квартира бағасы қымбат. Алдыңғы, өткен жылдағыларға қарағанда өте қымбат. 250-300 мыңның шамасына кеткен ғой уже. Олардан әрі кететіндері де бар. Далада қонып жүрген студенттер өте көп. Қазіргі таңда осы Жібек жолы, Арбат дейді, басқа да жерлерде бар.
«Жетім бұрышты» жағалайтын риелторлар үйді клиентке көрсету үшін кемінде 2000 теңге қаражат алады. Егер үй ұнап жатса, қосымша тағы да қызметіне ақша алады екен. Бүгінде 1 бөлмелі пәтерді жалға алу құны орташа есеппен 160.000 теңгені құрайды, 2 бөлмелі пәтерлер 250.000 теңге болса, үш бөлмелі пәтерлердің бағасы 320.000 теңгеге жеткен.
Гүлшария МҰХАМЕДЖАНОВА, РИЕЛТОР:
Мен осы жерде 20 жылдан бері отырамын. Квартира өткіземін, өзім хозяйн емеспін. Біз апарамыз, үйді көрсетеміз. Ұнаса ғана тиісті ақшаларын аламыз. Кейде клиенттің жағдайына да қараймыз. Двухкомнатныйлардың өзі 280 деп келді кеше. Ком.услуга бәрі ішінде. Кеше біреуі келді двухкомнатныйды 350-ге өткізем деп. Неге олай қымбат десем, қазір бәрі қымбаттап жатыр, студенттер келіп жатыр дейді. Олардың жағдайын ойлап жатқан жоқ.
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев далада түнеп жүргендерді кездестірмеген. Ол студенттерді жатақханамен қамту мәселесі толық шешілгенше Алматыда болатынын жеткізді. Қажет болған жағдайда орын жетпеген студенттер хостелдер мен қонақүйлерге орналастырылатынын айтты.
Қуаныш ЕРҒАЛИЕВ, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
Қосымша хостельдер болсын, бос болған жатақханалар немесе отельдермен келііп, қазірдің өзінде 7 мыңнан астам орын тауып, келісіп студенттерді орналастырып жатыр. Мысалы, біз тұрған Абай университеті жаңа маған ректордың өзінің айтуы бойынша 4 отель, хостельмен келісіп, мыңнан астам студенттің тұруына мүмкіншілік жасады.
Айта кетейік, Қазақстан бойынша студенттердің 30 пайызы Алматыда оқиды. Бұл дегеніміз 182 мың студент. Олардың 30 пайызы жатақханада, 30 пайызы пәтер жалдап тұрады. Ал қалғандары туыстарының немесе өз үйлерінде тұрады.
М. Жақан