Алматыдағы
атыс кезінде зардап шеккен 8 адам ауруханада жатыр. Денсаулық сақтау
министрлігі осындай ақпарат таратты. Шаһардағы жағдайды таңнан бері бақылаған
алматылық әріптесім Айгүл Ермахан баяндайды.
Қазір
жедел жәрдем ауруханасында 5 адам жатыр. Орталық қалалық клиникалық
ауруханаға 2 адам және Сызғанов атындағы
Ұлттық хирургия орталығында 1 адам ем алуда. Жараланғандардың жанын сақтауға күш салған мекемелердің жұмысы қауырт
болғандықтан, олармен тілдесу мүмкін болмады.
Бұған
дейін таңсәріден қалада оқ жаудырып, елді дүрліктірген күдіктінің ұсталғанын
хабарлаған болатынбыз. Олардың бірі 27 жастағы Қызылорда облысының тұрғыны
болып шықты.
Айта
кетейік, лаңкестер лаңды бүгін Алмалы
ауданы ішкі істер басқармасынан бастады. Куәгерлердің айтуынша, күдікті полиция
ғимаратының кіре берісіндегі қызметкердің қаруын тартып алып, кепілге көше
бойындағы жігітті алуға әркеттенген. «Никольский» базарының маңайына көлігімен
тоқтаған Мұрат есімді жігітті жағадан алған.
Мұрат,
зардап шегуші:
Машинада отырғанмын. Келіп жаңағы автоматпен, өзім түсінбей қалдым, ойнап жатыр ма біреу деп. Сөйтіп шық деді, мән бермей отырғанмын. Бір уақытта атты. Сонан соң шықтым. Ештеңе деген жоқ, шық қаш деді. Түрі қазақ. 20-25 шығар. К-7 машинаны атты, мені шошытпақшы болды. Атқаннан кейін шығып отырмын ғой, кетіп қалды спокойно.
Ал бұдан кейін атыс ҰҚК дғимаратының маңайында естілді. Тағы бір
күдікті Абай мен Байтұрсынов көшелерінің қилысында қара түсті Тойота Камридің
жүргізушісін оққа ұшырды. Бұл жағдайдан соң, түс кезінде қалада террорлық қауіптің қызыл деңгейі белгіленді. Полиция
азаматтардан не талап етілетіні жөнінде смс хабарлама жекелей таратты.
Атыстың
бәрі біткен соң, хабарлады. Алдын ала
ескертсе, жұмыста қауіпсіз жүрер едік.
Хабар
таратылған жоқ. Бізге, мысалы, берілген жоқ. Ондай жағдайда хабарлау керек.
Дегенмен
СМС хабарламада, тәртіп сақшылары қаланың әр түкпірінде болған атыстан қорқып қалған шаһар жұртшылығын
сабырға шақырып отыр. Олардың жүргізіп жатқан қауіпсіздік шараларына
түсіністікпен қарауын сұрайды. Сондай-ақ
күдікті адамдарды байқаған жағдайда, дереу хабар беруін ескертеді. Адам нөпірі көп орындардан бойларын аулақ ұстау қажеттігін де
айтып жатыр.
Айгүл
Ермахан, тілші:
Қазір
барлық арнайы қызметтің әскери дайындығы күшейтіліп, әуежайлар, мен
метрополитен нысандары, темір жолдар мен автобекеттерді арнайы құралдармен
тексеру шаралары қатаңдатылды. Үлкен сауда және қаржы орталықтарының ісі де уақытша тежелді.
Айгүл ЕРМАХАН