Русский Сайттың толық нұсқасы

Бір мерзімге сайлау билікті монополизациялау қаупін азайтады, - М.Әшімбаев

  • AstanaTV
  • 08 қыркүйек 2022
  • 1297

Президенттік мандатты 7 жылға тек бір мерзіммен шектеу, ол билікті монополизациялау қаупін азайтады. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жолдаудағы Президент ұсынысына қатысты осындай пікір білдірді. Оның пайымынша, мемлекет басшысы алдағы уақытта, биліктің бір ғана адамның қолында шоғырлануын шектеу үшін осы бастаманы көтерді. Президент мандатының ұзақтығы 7 жыл және ол бір мерзіммен шектелмек. Парламенттің жоғары палатасының төрағасы бұл ұсынысты қолдайды. Өйткені 7 жылдық Президент мандаты саяси бәсекелестікті дамытуға мүмкіндік береді, деді.  

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Осы стратегиялық нормаға дұрыс қарау керек. Бұл ретте Қазақстанда бәсекелес саяси орта қалыптастыруға мүмкіндік жасалады. Яғни билікті монополизациялау қаупін азайтады. Егер әлемде бұл мерзім 10 жыл болса, бізде 7 жылмен шектеледі. Осы мерзім сайлау алдындағы бағдарламаны жүзеге асыруға, халыққа берген уәдені орындауға, ірі жобаларды іске асыруға жеткілікті деп ойлаймын. Сондықтан бұл норма Қазақстандағы саяси реформалар бағдарламасының бір бөлігі.

Б. Сатуов