Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде көпқабатты үй тұрғындары құрылысқа қарсы

  • AstanaTV
  • 08 қыркүйек 2022
  • 1138

Ақтөбенің 12 мөлтек ауданында көпқабатты үй тұрғындары ауладағы дүкеннің құрылысына қарсы шықты. Төрт бірдей үй орналасқан аулаға тағы бір дүкен сыймайды дейді олар. Төрт жүзге жуық халық тұратын аулаға құрылыс жұмыстары бір жеті бұрын басталған. Ешкімнен рұқсат сұрамады деген бұқара, дүкен керек емес деп отыр. Одан да балалар ойнайтын алаңды үлкейтіп, автотұраққа арнайы жер бөлінсе дейді.

Арманай СӘДУОВА, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Біздер мына салынып жатқан стройкаға қарсымыз. Осы жерге детский площадка мен футбол алаңы салынғанын қалаймыз. Рұқсатсыз білмеймін салып жатыр. Өздері арендаға алды ма түсінбейміз. Біздерге осы жердің адамдарына айтқанда жоқ. Келісілгенде жоқ.

Әкімдіктегілердің айтуынша, ауладағы жердің қожайыны бар. Оның рұқсат қағаздары да бар көрінеді. Бірақ тұрғындар наразылығынан кейін қоғамдық қабылдау өткізілетін болды.

Жанаргүл МАХАШЕВА, АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ СӘУЛЕТ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Тұрғындардың наразылық білдіруі болған соң, қоғамдық тыңдау өткізуге міндетті болып тұр. Қоғамдық кеңес өткізеді. Егерде бүкіл тұрғындар қарсы болып жатса онда сол жерді басқа жерге басқа районға орналастыру қарастырылады.

Б. Рақметова