Президент жолдауының аясында аймақтарда жаңа медициналық пункттер салынып, қызметкерлердің жалақысы өспек. Бұған ең алдымен ауылдағы ағайын қуанышты. «AMANAT» партиясының өкілдері Жолдауда айтылған негізгі бағыттар бойынша түсіндірме жұмыстарын өңірлерде жалғастыруда.
«Алматы электр станциялары» акционерлік қоғамының қызметкерлері жолдауда қарапайым халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған мәселелер көтерілді дейді. Олар салық жүйесіндегі өзгерістер, еңбекақы мен баспанамен қамту тақырыптарына ерекше тоқталды.
Елзар ЖҮНІСОВ, «АлЭС» АҚ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
Қасым-Жомарт Кемелевичтің айтқаны, өз басыма ұнағаны – балаларға қолдау жасап, Нац.фондтың ақшасы бөлінетіні өте қатты қуантарлық жағдай. Одан кейін қарапайым халықтарға жұмыстың жағдайын жақсартуға қолдау жасайтындары да өте жақсы жаңалық деп ойлаймын.
Жолдау аясында Шығыс Қазақстан облысының бірнеше ауылында 32 фельдшерлік-акушерлік пункт салынады. Сондай-ақ, жаңа мектептер мен мектепке дейінгі білім беру мекемелерін ашу жоспарланып отыр.
Сергей ПОПОВ, ӨСКЕМЕН қ. №4 АУРУХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:
Биылғы Жолдаудың ерекшелігі ауылдағы денсаулық сақтау саласын дамытуға үлкен көңіл бөлінетіні. Ауырған адамның алғашқы медициналық көмекке жүгініп, дер кезінде дәрігерден кеңес алуы – өте маңызды. Сондықтан жаңа медпунктердің салынуы – қуантарлық жәйт.
Ал, ақтөбеліктерді жолдаудағы жастарды қолдауға бағытталған тармақтар қуантады. Әсіресе, білім қуған жастар енді оқу ақысын төлеуге жеңілдетілген несие алу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар жиында дефференциалды гранттар мәселесі де қозғалған. Бұған дейін тек гранттарға үлгерімі жоғары балалар қол жеткізсе, енді түрлі әлеуметтік топтар мен аз қамтылған отбасыдан шыққан балалардың да тегін оқуға мүмкіндік алуы мүмкін.
Лаура ҚАРАБАСОВА, Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:
Деференциалды гранттардың болуы. Бұл жөнінде Ғылым және жоғарғы білім министрлігі жанынан арнайы жұмыс тобы құрылды. Мен осы арнайы жұмыс тобының мүшесімін өңірден. Қазір әлі талқыланып жатырмыз. Алдағы уақытта нақты бұл қандай гранттар болатынын біз хабарлап айтатын боламыз.
Партия активінің жұмысына қатысқан «Аманат» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев пен Мәжіліс депутаттары қатысты. Сонымен қатар облыстық, қалалық мәслихат депуттары, қоғам қайраткерлері жолдаудың жаңа бағыттарын талқылады.
А. Задабек