Русский Сайттың толық нұсқасы

"7 жылда нәтиже көрсетуге болады", - халық пікірі

  • AstanaTV
  • 12 қыркүйек 2022
  • 1492

Ел басқаруға келген адам 7 жылда жұмысының нәтижесін көрсете алады. Елордалықтар Мемлекет басшысының  Президент сайлауына қатысты айтқан ұсынысын қолдайды.  Әділетті Қазақстан құру үшін мемлекеттік жүйені, соның ішінде басқару ісін жаңғырту қажет деп санайды. Сондай-ақ, Президент мандатын 7 жылдық бір мерзіммен шектеу саяси бәсекелестікті арттырады дейді.

БЛИЦ:

- Негізі дұрыс қой ол. Барлық Президент 7 жылға ғана сайлану керек қой бір-ақ рет.

- Бұл керемет. Өйткені Ата Заңға осындай өзгеріс енгізетін уақыт келді. Билік адамды бұзады. Сондықтан мен бір адамның бір-ақ рет Президент болғанын қалаймын.

- Өте дұрыс. Екінші рет сайлануға болмайды. Бір рет отырғаны дұрыс.

- Әрине, дұ
рыс. Себебі әр адамның мемлекетке деген өз көзқарасы бар. Сондықтан жаңа көзқарас, жаңа пікір қажет.

А. Базарбай