Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұр-Сұлтанда ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді

  • AstanaTV
  • 12 қыркүйек 2022
  • 1313

Елорда Полиция департаменті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың үш мүшесі ұсталды. Олардың «Бұзақылық» бойынша қылмыстық қудалаудан жасырынғаны және Петропавл қаласында іздеу жарияланғаны анықталды. Күдіктілерді ұстау кезінде тапанша мен суық қару тәркіленді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.  Ұсталғандардың кінәсі дәлелденсе, олар 2 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қ. Мерей