Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан қылмыстық топ анықталды

  • AstanaTV
  • 12 қыркүйек 2022
  • 1502

Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан.   Бұл туралы  Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Тәртіп сақшыларының дерегінше, заңға қарсы әрекет еткендер шақалақтарды  баласы жоқ отбасыларға  сатпақ болған. Бүгінде күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Шұғыла ТҰРЛЫБЕК, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Алдын ала сөз байласқан адамдар тобы өздерінің балаларынан бас тартқысы келетін жүкті әйелдерді және балалары жоқ отбасылық жұптарды іздестірумен, сондай-ақ балалардың туу туралы жалған куәліктерін дайындаумен айналысқаны анықталды. Аталған факті бойынша «Кәмелетке толмағандарды сату» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

М. Жақан