Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай облысының Әулиекөл ауданында тұрғын үй құрылысы қарқынды

  • AstanaTV
  • 12 қыркүйек 2022
  • 2448

Қостанайдағы Әулиекөл ауданында 91 үйдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Ол үшін үкіметтен  2 миллиардтан астам   қаражат  бөлінген.  Ұлттық экономика министрлігінің ақпаратынша,  әр үйді салуға  25 миллион  теңге жұмсалады. Әулиекөл ауданында бой көтеретін жаңа қоныстың жалпы аумағы 100 шаршы метр болады. Газ, тоқ, сумен қамтылады. Жол салынады. Құрылысқа 9   компания тартылған. Жаңа үйден бас тартқандарға  өтемақы беріледі. Ал ол баспана кезекте тұрған аудан тұрғынына бұйырады, дейді билік өкілдері.

Берік ТАҢЖАРЫҚОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:


91 үй салына береді. Қарсылық болса  өтемақысын алады.  Қалған үйлер мәселен зардап шеккен тұрғындар үй алмаймыз өтемақы аламыз десе,  тұрғын үй шаруашылық заңнамасына сәйкес таратылады. Кезекте тұрған адамдарға беріледі.

З. Санай