Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада «Miras» республикалық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

  • AstanaTV
  • 12 қыркүйек 2022
  • 1356

Елордада «Miras» республикалық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңес мүшелері Мемлекет басшысының Жолдауын талқылап, негізгі бағыттарын атады. Жаңа реформалардың мән-мағынасы, игерілмей жатқан жерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары, саяси өзгерістер мен кәсіпкерлікті дамыту - отырыстың негізгі тақырыбы болды. "Жиынның басты мақсаты – Жолдаудың басым бағыттарын қоғамға жеткізіп, халықты ұйыстыру, алға қойған міндеттерді жүзеге асыруға қоғаммен бірлесіп ықпал ету" деп түйіндеді спикерлер.

Айдос САРЫМ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

 
Осы алда тұрған үлкен, кешенді мәселелерді іске асыру - Жаңа Қазақстанды құру үшін ауадай қажет дүние. Көптеген елдің болмысын, ойын ережесін өзгертетін, болашақтағы мынау әділеттілік, экономикадағы, жер қойнауын игерудегі әділеттілік мәселесін орнататын дүниелер үлкен күресті қажет етеді. Үлкен қайрат-жігерді қажет етеді. Және сөзсіз халықтың үлкен сенімін қажет ететін дүниелер.

Дархан МЫҢБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
 
Президентіміздің айтып отырған "Азамат-Бизнес-Мемлекет" арасындағы қатынасты мүлде басқаша өзгертеміз дегені көптің көңілінен шығып отыр. Өйткені, дәл қазір қымбатшылық деп айтады кез келген ортада. Оған мүлдем басқаша көзқарас танытып, жалпы өндіру бойынша, тек қана экономиканы көтерудің бірнеше жолдарын көрсетіп берді.

Ал сенатор Динара Нөкетаева балаларға қатысты мәселелерге тоқталды. Мемлекет басшысы ұсынған "Ұлттық қор-балаларға" жобасы стратегиялық маңызды жоба деп санайды.  

Динара НӨКЕТАЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Жолдаудың ішіндегі әрбір мәселеге тоқталсақ та, осы әділетті Қазақстан жолындағы өте үлкен бастамалар деп атап өтуге болады. Соның ішіндегі мына "Ұлттық қор - балаларға" атты жаңа бағдарламаны ұсынды. Бұл ел болашағына салынып отырған стратегиялық инвестиция деп айтқым келеді. Президентіміз өте үлкен көңіл бөліп, осы балаларымыздың болашағына деген үлкен қамқорлық деп айтқым келеді.

А. Серік