Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қазіргідей сәтте кедергілер емес, көпірлер салуымыз керек",-Қ.Тоқаев

  • AstanaTV
  • 15 қыркүйек 2022
  • 1097

Американың «The National Interest»  журналында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан: Батыс пен Шығыс арасындағы көпір» атты мақаласы  жарық көрді. Бейбітшілікке ұмтылу, әлеуметтік әділеттілік, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің маңызы – мақаланың негізі тақырыбы. «Қазіргідей сәтте кедергілер емес, көпірлер салуымыз керек»,-деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев. Сондай-ақ, елордада өткен съезд қазіргі қиын-қыстау кезеңде әлемдегі дін көшбасшыларының қайтадан бас қосып, бірлікті ілгерілетуде жетекші рөл атқаруы үшін үлкен алаң бола алатынын атап өтті.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Дін лидерлері жалпы біздің өңірімізде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қалпына келтіруге бірыңғай үндеу жасайды деп үміттенемін. Осы форумды қабылдайтын ел ретінде Қазақстан аталған күш-жігерді қолдайды. Қазіргідей сәтте біз кедергілер емес, көпірлер салуымыз керек. Біз келіспеушіліктері бар барлық тарапты диалог үшін Қазақстанда келіссөздер үстеліне отыруға шақырамыз.

А. Серік