Президенттік мандатты 7 жылға тек бір мерзіммен шектеу-билікті монополизациялауды түп-тамырымен жою. Сондай-ақ әділеттілік принципін орнату дейді мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова. Оның айтуынша, президенттік мерзімді шектеу - Мәжілістегі барлық фракция депутаттарының ұсынысы. Бұл шекті мерзім ішкі саяси тұрақтылықты бекітуге негіз болады дейді. Демек, енді сайланатын ел басшылары популистік іс-әрекеттерге бармайды. Президент өз ойын, мақсатын іске асыру үшін жеті жыл жеткілікті екенін айтады мәжіліс депутаты.
Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Әлеуметтік-экономикалық іс-қимылдар жоспарын толыққанды жүзеге асыруға және одан нәтиже шығаруға мүмкіндік беретін уақыт. Бұл кәдімгі жауапкершілік жүктейтін уақыт. Президент екінші мерзімге алаңдамайтын болады. Екінші мерзім үшін популисттік іс-қимылдарға бармайтын болады. Ол осы бір мерзімде халықтың алдында айтқан сайлау алды бағдарламасының нәтижелі болуына жұмыс жасайтын болады.
Юрий ЖУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Президенттіктің бір мерзімі туралы норма Қазақстанда саясаткерлердің жаңа буыны пайда болуына ықпал етеді. Демек, Президенттікке үміткер, өзінің алдағы жоспарларымен келуі керек. Халықтың алдына шығып, шынайы уәде беруі тиіс. Олардың көңілінен шығамын деп талпынбау керек, керісінше мақсат қойып, соған жету керек. Жеті жыл жаңа келген президент үшін монополизацияны туп тамырымен жоятын мерзім. Яғни жемқорлық қаупі азаяды.
Ә. Дүкембаева