Президенттің жеті жылдық бір мезгілге сайлануы демократияны нығайтады. Қоғам қайраткері Төрегелді Шарманов осылай дейді. Айтуынша, сайлау жүйесіне енгізілетін түзетулер – тұрақты әрі мықты саяси жүйенің орнауына зор ықпалын тигізеді.
Төрегелді ШАРМАНОВ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:
Стратегиялық және әлеуметтік жобалардың жүзеге асып, нәтижесін көрсетуге уақыт қажет. Ұзақ мерзімді бағдарламалар дегеніміз 1-2 ай ішінде жүзеге асыра салатын шаруалар емес. Бұл – тұрақты және мықты саяси жүйені қалыптастыруға жол ашады. Және де президенттің тек бір рет қана сайлануын аса қолдаймын. Мұндай қағидада тағайындалған Президенттің билік тұтас өз қолында ұзақ шоғырландырып, саяси монополия орнатуына жол бермейді.
А. Задабек