Русский Сайттың толық нұсқасы

"Астана" атауы брендке айналды

  • AstanaTV
  • 15 қыркүйек 2022
  • 1118

Елорданың "Астана" атауы - брендке айналған. Қала атауын өзгертуге қатысты, өңір тұрғындарының пікірін білген ек. Көпшілік өзгерісті қос қолдап қолдайтындарын айтты. Олардың айтуынша, "Астана" деп атауы кең танылған, әрі әлі күнге дейін қолданылады.

БЛИЦ:

- Бүкіл жерде қайда бара жатырсың десе Астанаға бара жатырмын дейді. Нұр-Сұлтанға бара жатырмын деп ешкім айтпайды  ғой.

- Астана атауы ыңғайлы деп ойлаймын. Себебі мен өзім сол Астана қаласында туып, өстім. Куәлігімде Астана қаласында туды деген жазу тұр.Сол мен ғана емес бүкіл Қазақстан Республикасының тұрғындары сол Астана болғанын қалайды деп ойлаймын.

- Астана деген енді бәрімізге жақынырақ қой +Көбірек ұнайды, потому что кішкентай кезімізден бастап «Астана» деп өстік қой.  
 
- Мен бұл шешімді қолдаймын. Астанамыз «Астана» атауымен аталсын. Маған бұл атау көбірек ұнайды.

- Бұрынғы аты Астананың қайта келгені, қайта қойғаны дұрыс деп ойлаймын. Астана деп бүкіл мемлекет жан- жақта бәрі таниды ғой. Халыққа да тем более Астана деген ат ұнайды.

- Дұрыс Астана болсын, Астана жақсы ат қолайлы өзіне ең бірінші қойылған аты Астана болсын.


Ә. Дүкембаева