Қостанайдағы орман өртіне кім жауапты? Аманқарағай аумағындағы алапат өртке байланысты «Басаман орман шаруашылығы мекемесінің» басшысы қамауға алынды. Облыстық прокуратура коммуналдық мекеме басшысына қатысты қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталғанын хабарлады. 15 қыркүйекте сот «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берген көрінеді. Құзырлы орган өкілдері қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін мәлімдеді.
З. Санай