Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қазақстан заманауи саяси модельге көшуде", -Е.Қошанов

  • AstanaTV
  • 16 қыркүйек 2022
  • 2203

Парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов бұл маңызды қадам болғанын айтады. Қабылданған шешім елдегі саяси реформаның алғашқы қадамы дейді.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біз бүгін еліміздің болашағын айқындайтын, мемлекеттік құрылымды жаңаша қалыптастыратын өте маңызды шешім қабылдадық. Қазақстан жаңа саяси дәуірге қадам басқалы тұр. Біз сол ұзақ жолдың алғашқы қадамын бастадық. Бұған дейін бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Конституциялық реформа саяси жаңғырудың негізін қалады. Ал бүгінгі қабылданған шешім сол реформалардың нүктесін қойып, мемлекетіміздің жаңа саяси модельге көшуіне жол ашады. Еліміз демократияға қарай нық қадам басты. Нық бағытта мемлекеттік құрылым түбегейлі өзгереді.Солайша біз мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың маңайына топтасып, әділетті қоғам құрып, ел байлығының халыққа теңдей бөлінуіне жағдай жасап, азаматтарымыздың әл-ауқатын артырып, бейбітте берекелі өмірдің орынығуын қамтамасыз етіп отырмыз. Баршаңыздың ел игілігі, ұрпақ келешегі жолында атқарып жатқан жұмыстарыңызға табыс тілеймін.


Президенттің жеті жылдық бір мерзімге сайлануы жаңа демократиялық модельге алып келеді дейді депутаттар.  Сондықтан олар бастаманы бір ауыздан қолдағандарын айтады.

Бақытбек СМАҒҰЛ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Президенттердің барлығы екі мерзімнен он жылға емес, бір мерзімде жеті жылға ғана сайланады. Бұл да биліктің жаңа әрі әділетті тепе-теңдігін орнатады деп ойлаймын. Президентті бір мерзімге сайлау механизімі болашақта билікті меншіктеп алудың, ықтималдығын жойып отырады.


Айдос САРЫМ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Әртүрлі қоғамда алып-қашпа әңгімелер бар. Болашақта биліктің монополизациясы болмай ма деген пікір айтылады. Соған қатысты болашақта ешкім қандай президент билікке келмесін, қандай парламент билікке келмесін 91-баптың екінші тармағына, арнайы өзгеріс енгізілді.  


Б. Сатуов