Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қазақстан жаңа демократиялық үлгіге көшті», - Е.Қарин

  • AstanaTV
  • 16 қыркүйек 2022
  • 1644

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин "Бүгін Парламент қабылдаған саяси реформалар пакеті Қазақстанның жаңа демократиялық саяси модельге көшуін білдіреді" дейді.  Телеграмм каналындағы жазбасында ол, Президент қайта сайлану құқығынсыз бір мерзімге сайланатынын және бұл ереже өзгеріссіз қалатынын, сондай-ақ  Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімі президенттік және парламенттік судьяларға қарағанда ұзағырақ болатынын айтады. Сонымен қатар. кеңесші саяси институттарды қайта іске қосу қажет дейді. Ал ол үшін президенттік және парламенттік сайлаулар өткізу керек   деп санайды.

Ерлан ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:

Жаңа мемлекеттік модель биліктің ұдайы ротациялануын, саяси жүйенің болжамдылығы мен орнықтылығын қамтамасыз етеді және тұтастай алғанда, мемлекетіміздің одан әрі дамуын тек демократиялық бастауларда, саяси бәсекелестік негізінде баянды етеді. Басқаша айтқанда, реформалардың жаңа пакеті саяси жүйенің өзгеру процесін аяқтайды. Енді барлық негізгі саяси институттарды (Президент, Парламент, мәслихаттар, Үкімет) қайта іске қосу міндеті тұр. Оның бірінші кезеңі Жолдауда жарияланған президенттік сайлау болады.

А. Задабек