Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент өкілеттігін жеті жылдық бір мерзіммен шектеуді көпшілік қолдайды

  • AstanaTV
  • 16 қыркүйек 2022
  • 2233

Президент өкілеттігін жеті жылдық бір мерзіммен шектеуді зиялы қауым өкілдері  қолдап отыр.  Жүйелі жұмыс істеуге  бұл мерзім жеткілікті дейді. Еліміздегі саяси реформа жаңғырудың өзегі деп біледі.

Смағұл ЕЛУБАЙ, ЖАЗУШЫ, КИНОДРАМАТУРГ:
 
Елдегі реформаны қалайтын халқымыз осы 7 жылдық Президенттік билік туралы ұсынысты  қабылдауы керек. Онсыз шынында біз Жаңа Қазақстанды, әділетті Қазақстанды орната алмаймыз. Нақты қарапайым халықтың хал ахуалы көтерілуі үшін сол Президенттік сайлау қажет.   7 жылға сайланатын Президенттік мерзім қажет.  

Дулат ИСАБЕКОВ, ЖАЗУШЫ, ДРАМАТУРГ:

Сол 7 жылдың ішінде біраз нәрсені жасап үлгере алады Президент. Бұл- ілгерілеудің алғы шарттары. Сайлау үлкен дүрбелеңменен бұрмалаусыз жақсы өтсе халық ух деп бір демалып, 7 жылға дейін жұмылып жұмысқа кірісер еді.

Ел арасында да бұл бастама қызу талқылануда.  Көпшілік Мемлекет басшысының бір-ақ мәрте 7 жылдық мерзіммен сайлануын құптайтындарын айтады.  Бір мерзімге сайланған Президент бар күш-жігерін, білім мен білігін аямай жұмыс істейді дейді.  

БЛИЦ:

- Бір мезгіл жеті жыл отырған дұрыс емес пе? Көп дүние атқарып істей алады. Сосын келесі Президент отырады. Жаңа реформаларды жасау үшін бұл  қадамды батыл әрі нық қадам деп білемін.
 
-  7 жыл ғана отырады. Одан кейін басқа адамдарға да мүмкіндік беру керек. Елдің дамуына үлесін қосады

- Президентті 7 жылға сайлау заң жобасын өз басым қолдаймын. Себебі, 7 жыл ішінде елімізде де, әлемде де түрлі жағдайлар болуы мүмкін. сондықтан, халық үшін ел үшін аса маңызды шешімдердің бірі деп ойлаймын.

- Менің ойымша осы дұрыс шығар.7 жыл.Толық қолдаймын.

Ә. Лесбек