Русский Сайттың толық нұсқасы

"Астана" атауы - халықтың жүрегінен орын алған

  • AstanaTV
  • 16 қыркүйек 2022
  • 1519

"Астана" атауы - халықтың  жүрегінен орын алған. Ел тұрғындары осылай деді. Халықтың басым көпшілігі бұл бастаманы қолдайтындарын айтып, бұрынғы атау көңілге жылу ұялатады - дейді.

БЛИЦ:

- Астана" болғанда жақсы. Әдемі болып естіледі да. Астанааааа деп, бай сөзбен.

- Өте жақсы қараймын. Себебі, мен туылған кезде қала "Астана" деп аталды. Астана болып қалсын, соны жақтаймын.

- Астана деп атап үйреніп қалғанбыз. сондықтан елорданың бұрынғы атауын қайтаруды қолдаймын. Әдемі, әрі үйреншікті.

- Халықтың жадында емес көңілінде, пейілінде Астана болып қалғаннан кейін сол Астана атауы оралғанына көңілім қош. Жақсы қараймын, позитивті тұрғыда қараймын.

- Мен әлі күнге дейін білмеймін Нұр-Сұлтан деп айтпаймын +Астана, Астана деп айтамын. Солай дұрыс деп ойлаймын мен. Негізі ресми жерлерде ғана айтылады ғой, қарапайым халықтың ішінде сол Астана әлі сол елдің аузында.  
 
- Елдің аузында әлі Астана ғой. Ол бірдеңені жазғанда ғана Нұр-Сұлтан. +Столица астана, былай да Астана.  

- Бұл дұрыс шешім деп есептеймін. Астана деп тілге де жеңіл айтылады. Біздің астанамыз Астана болып қалуы тиіс.


А. Задабек