Русский Сайттың толық нұсқасы

«AMANAT» партиясының атсалысуымен Қарағанды облысында 1 млн га жер мемлекетке қайтарылды

  • AstanaTV
  • 16 қыркүйек 2022
  • 1907

«AMANAT» партиясының атсалысуымен Қарағанды облысында 1 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов «Жер аманаты» комиссиясының мүшелерімен бірге Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесті. Жайылымдық жердің жетіспеушілігіне қатысты өзекті мәселені талқылады.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтарының басшылары  жердің құнарсыздануы, құдық тапшылығы, субсидияның төмен деңгейі, дизель отынының бағасына қатысты мәселелерді ортаға салды. "AMANAT" партиясының Атқарушы хатшысы  ауыл тұрғындарының мәселелерін білу үшін осындай кездесу еліміздің бар аймағында өткізіліп жатқанын айтты.

Асхат ОРАЛОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Кезінде заңсыз алынған, немесе пайдалана алмай жатқан жайылым жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару бойынша, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің тікелей тапсырмасы бар осы үш айдың көлемінде "Жер аманаты" комиссиясының ат салысуымен, бірлескен жұмыстың арқасында 641 мың гектар, жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарған болатын. Қарағанды облысы бойынша бүгінгі күннің өзінде 1 млн гектар қайтарылатын болады.

Мәжіліс депутаты Ерлан Саировтың айтуынша,  жайылым тапшылығынан басқа да  жерге қатысты проблема жетерлік.  Шалғай ауылдарға барып,  мәселелерді шешудің жолдарын іздеу керек дейді.

Ерлан САИРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

"Аманат" партиясының мынау жер "Аманат" комиссиясының ең негізгі мақсаты осындай ауыл-ауылға, шалғай ауылдарға, осындай қыстақтарға келіп, өздеріңізбен ақылдасып осы жерді дұрыс игеру үшін қандай заңдар қабылдау керек. Осы заңға қандай өзгерістер ену керек.

Аудан тұрғындары негізінен мал шаруашылығымен айналысады.  Сондықтан олар "Жер Аманаты" комиссиясына үлкен үміт артып отыр.

Бекзат САТЫБАЛДИН, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мал басы өскеніне байланысты бірақ сол жердің тарлығы қиыншылық тудыртып жатыр. Ал жер болса жаңағы малда өседі, азық-түлігіміз де, жағдайымызда жақсарады.

Бағлан АРЫСТАНБЕКОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Кеше де күнде фермерлер келеді де жалоб жасап кетеді. Ана фермерде жер жатыр например, жерге барып қалса иесі жоқ. Ешқандай ештеңе пайдаланып отырған жоқ.

Кездесуге келген жұртшылық өз ұсыныстарын да айтты.

Қайыржан ҚАДЫРБЕРЛИН, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


"Аманат" партиясымен кездесіп мынау бәріміз әр шаруашылықтың, ауыл шаруашылығында қандай мұқтаждар бар екенін, соны айтып еткіздік енді. Бізге керегі енді екпелі шөп керек. Екпелі шөпті өңдеу үшін мемлекеттен, "Аманат" партиясына ұсынып жатқанымыз мемлекеттен үлкен қолдау керек.

Белгілі заңгер Бақытжан Базарбек комиссия мүшелері жайылымдардың әділ бөлінуіне қатысты жұмысты жалғастыратынын жеткізді.

Бақытжан БАЗАРБЕК, «ЖЕР АМАНАТЫ» КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, ЗАҢГЕР:


Мынау халық өкінішке қарай, жайылым жерлердің бәрінен қағылған, мынау елдімекен маңында жайылатын жерлер жоқ. Халық осындай комиссияны күтті. Барлығын, барлығын тексеріс жасаймыз. Мысалы айталық кейбір олигархтар қазір мемлекет меншікке қайтарып жатырмыз. Бізде заңның алдында барлығы бірдей.

«Жер аманаты» комиссиясының мүшелері сондай-ақ, Қарағанды облыстық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді.  Комиссия мүшелерінің айтуынша, осы уақытқа дейін «Жедел желіге» 1,5 мыңнан астам өтініш түскен. Оның барлығы өңірлік комиссиялардың қарауына берілді.

Ә. Дүкембаева