Русский Сайттың толық нұсқасы

Қ.Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясына қатысады

  • AstanaTV
  • 19 қыркүйек 2022
  • 1497

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясына қатысу үшін, Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барды. Бүгін ол америкалық ірі компания мен жаһандық қаржы институттарының басшыларымен, сарапшылар тобының өкілдерімен кездеседі. Ал ертең Қазақстан Президенті әлемдегі ең беделді ұйым мінберінен сөз сөйлейді. Бұдан өзге, БҰҰ Бас хатшысымен, Еуропалық Одақ басшылығымен және бірқатар мемлекет басшыларымен кездесу жоспарланған. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі жаһандық саммитке де қатысады. Өз кезегінде сарапшылар, бұл жиынның маңызына тоқталды. Әрі әлемдегі алпауыт компаниялар Қазақстанға инвестиция әкеледі деп сенеді.

Еркін ТҰҚЫМОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

АҚШ-пен саяси қатынастарды дамыту мәселелерінде жоғары деңгейдегі сапарлар екіжақты қатынастар сапасын жақсартуға ықпал етуі тиіс деп ойлаймын. Бізге қарым-қатынастарымызды жаңа, неғұрлым жоғары деңгейге шығаруға тырысу қажет. Екі ел арасындағы стратегиялық қатынастарды дамыту керек. Меніңше, бұл біз үшін де, Америка Құрама Штаттары үшін де маңызды.

Меруерт МАХМҰТОВА, ЭКОНОМИСТ:

Халықаралық компаниялардың Қазақстанға офистарын ашуға, бизнесті дамытуға мүмкіншілік бар. Қазақстанға инвестиция әкелуге, экономикасы бүкіл Совет одағының елдерін алып отырсақ, осы аймақта бизнес дамытқанда Қазақстан тұрақты, мейірімді ірі экономика ретінде бағалап еске салып отырғандары дұрыс.

Қ. Мерей