Русский Сайттың толық нұсқасы

Дәрігер қателігі: Қазақстанда науқасқа сақтандыру төлемін беру енгізілмек

  • AstanaTV
  • 19 қыркүйек 2022
  • 1868

Елімізде жыл сайын медицина қызметкерлерінің үстінен 300-ге жуық қылмыстық іс қозғалады. Енді науқастың денсаулығына зиян келтіргені үшін төлем төлеу енгізілмек. Оның көлемі қанша? Депутаттар неліктен Денсаулық министрінің жауабына қанағаттанбады. Тілшіміз тақырыпты тарқатады.

Денсаулық сақтау министрі Мәжіліске жаңа Заң жобасын таныстыруға әкелді. Кейбір заңнамалық актілерге Денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы құжаттың тиімді тұстарын тізбектеді. Бірақ депутаттарды ол емес, күнделікті кездесіп отырған мәселелер толғандырады. Өңірлерде мәселе шаш етектен.  

Жанарбек ӘШІМЖАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қалаға ғана емес, еліміздің әр өңірінен келген, кардиологиялық, кардиохирургиялық қызмет көрсетеді. Неге тиісті қажетті жылға қаржыны толық бөліп бермейді? Ендігі қалған жартыжылдықта сақтандыру бағытында қызмет қалай көрсетеді. Қазір қыркүйектің басында ақша толық бітіп, енді мәселелер басталды. Осыған жауап берсеңіздер.

Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:


Республикалық бюджеттің комиссиясында қаражат қаралатын болады.  Сондықтан тиісті қаражат медициналық орталықтарға дәлелденген қаражат қосымша бөлінетін болады. Егер әркімге бере-беретін, сізді түсінеді деп ойлаймын.


Сондай-ақ, депутаттарды саладағы білікті кадр тапшылығы алаңдатады. Әлі күнге дейін осы мәселені  шеше алмай отырғанына шүйлікті.

Жанат ОМАРБЕКОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Айта кету керек, бұл жердегі мәселе жылына 4000 мыңға жуық дәрігер жетіспейді. Бірақ, сондай-ақ 4000 мың жуық студенттер түлеп ұшып жатыр. Ия, жыл басында ол түлектердің 80 проценті жұмысқа орналасуы мүмкін. Бірақ жыл аяқтала салысымен олар жұмыстан кету туралы шешім қабылдайды.


Министр бұл сауалға да мүдірместен, жаттанды жауапты жеткізді. Дәрігерлер аудан мен ауылға барғысы келмейді дейді.

Ал, қалада білікті дәрігердің тапшылығына не себеп екенін Ажар Ғиният түсіндірмеді. Біз тілдескен жас маманның жауабы мынау болды.  

Азиза БЕГАЛЫ, ЖАС МАМАН:


Қалада жүрген кезде мүмкіндік басқа медсестралардың жұмысын көрген шығармын. Қалада көбінесе компьютер мен документально жұмыстар көп болады.


Министр сауалдарға мүдіргенімен, қателікке жол берген дәрігерлердің жазасын жеңілдетуді сұрайды. Медицина қызметкерлері пациенттерге жасаған қателіктері үшін 2017 мен 2020-шы жылдары жалпы 40 млн теңге төлеген. Кейін мұндай жаза қарастырылмапты.

Содан бері жеке және заңды тұлғалардан түскен 15 мыңға жуық өтініш қаралған. Қылмыстық іс қозғалған, зардап шеккендердің пайдасына моральдық және материалдық залал келтірілген.

Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:


Медицина қызметкерлеріне қатысты кәсіби міндеттерін орындамағаны үшін, жыл сайын Қылмыстық кодектің 317-бабы бойынша 300-ге жуық іс қозғалады. Көбінесе хирургиялық өлім қаупі бар мамандарға, нақтырақ айтсақ акушер-гинекологтар – 14 адам, хирургтар – 14, травматологтар – 8, анестезиологтар – 6 болады.

Министр науқасқа сақтандыру төлемін беруді енгізілмекші. Ол дегеніміз дәрігердің кінәсінен адам денсаулығына зиян келген жағдайда мекеме өтемақы төлеуге міндеттелмек. Яғни, дәрігердің қателігінен өмірден өтсе - 1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, ал мүгедек болып қалса төлем әртүрлі болмақ. Егер жарақаттанған болса 300 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі төлем төленуі тиіс.

Ә. Дүкембаева