Русский Сайттың толық нұсқасы

Әлеуметтік осал топқа жататын елордалық студенттердің оқу ақысын әкімдік төлейді

  • AstanaTV
  • 19 қыркүйек 2022
  • 1384

Әлеуметтік осал топқа жататын елордалық студенттердің оқу ақысын әкімдік төлейді. 1300-ден астам жас қалалық бюджет есебінен елорданың жетекші жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндік алды.

Ата-ана қамқорлығынан айырылған, бала күнінен мүгедек және көпбалалы отбасыдан шыққан 1300 балаға көмек көрсетілді.

Алтай КӨЛГІНОВ, АСТАНА  ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Жастарға айтарымыз, өзіңіздің таңдаған мамандығыңызды жақсылап оқып, білімдеріңізді алып, өз мамандықтарыңыз бойынша кәсіптеріңізді, кәсіби орындарыңызды табуларыңызға тілектеспіз. Сіздерге жол ашық! Ең бастысы осы ерінбей, еріншектіктен құтылу керек. Еңбекқор болып, соны жасасаңыздар, қалғаныңыз барлығңы өз қолдарыңызда.

Бұл әлеуметтік көмек бағдарламасының іске асқанына  он жылдан астам уақыт болған.  Осы уақыт ішінде үш жүзден астам адам диплом алып, мамандығы бойынша жұмыс істеп жүр.

Илья СКУБ, АСТАНА ҚАЛАСЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Жалпы, бағдарлама 2008 жылдан бастап жұмыс істейді. Осы бағдарлама бойынша 347 адам оқытылды. Оның 315-і жұмысқа орналастырылды. {Біз әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту басқармасы ретінде ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеміз.

Динара Өтегенова - көпбалалы отбасында тәрбиеленген.  Бала күнімнен дәрігер болуды армандадым - дейді ол.  Арманы асқақ ару бүгін қала әкімдігінің қолдауымен бас қаладағы белді жоғары оқу орнының студенті атанды

Динара ӨТЕГЕНОВА, СТУДЕНТ:

Мен грантқа балды жинай алмадым. Бірақ әлеуметтік көмек көрсетті маған. Акиматтық грантты жеңіп алдым. Өзім қуаныштымын. Өзімнің қалаған мамандығыма түскеніме. Жақсылап оқып, жоғары квалификацияланған  маман болып шығамын деген үміттемін.

Білім гранттары еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға берілген. Олар - биотехнология, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, геодезия және картография, сәулет, мектепке дейінгі білім беру, педагогика, IT саласы.  

А. Задабек