Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы маңында жол апаты болып, 4 адам қаза тапты. 8 адамның жағдайы ауыр. Біреуінің өмірі қыл үстінде. Қазір зардап шеккендердің өмірін құтқару үшін барлық жағдай жасалып жатыр,- дейді мамандар.
Серікбол ТҮСІПБЕКОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БАЛҚАШ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Приозерск қаласында 3 науқас санавиация бортымен Қарағанды қаласының басындағы Мақажанов атындағы клиникаға жөнелтіледі. Балқашта 5 науқастың біреуінің жағдайы өте ауыр, қалған төртеуінің жағдайы қалыпты ауыр түрде. Қазіргі уақытта бүкіл науқастар толық көлемде медициналық көмек алу үстінде.
Жантүршігерлік көлік апаты "Алматы- Екатеринбург" тас жолында Сарышаған кентінен 30 шақырым жерде болған. Алдын ала болжам бойынша, жүк көлігі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп жолаушылар автобусымен соқтығысқан. Салдарынан екі жүргізуші мен автобустың екі жолаушысы көз жұмды. Автобустағы жолаушылардың барлығы- Жезқазған медицина орталығының дәрігерлері. Қаза тапқан 3 адам -«Қазақмыс» компаниясының қызметкерлері. Олар Балқаш маңындағы Шатыркөл кен орынының жұмыскерлерін медициналық тексеруден өткізіп келе жатқан.
Бақытжан ҚҰДИЯРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
Жол көлік оқиғасы салдарынан екі автокөліктің жүргізушісі мен автобустың бір жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапса, автобустың тағы да бір жолаушысы жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Жол көлік оқиғасы кезінде автобуста 11 адам болған. Аталған факт полицияда тіркеліп тиісті сараптамалар тағайындалды. Қорытындысы бойынша процесуалдық шешім қабылданатын болады.
А. Қуаш