Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы 30 градусқа дейін көтеріледі. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады. Синоптиктер болжамына сәйкес Астана, Алматы және Шымкент қалаларында күн ысиды. Жауын шашын болмайды. Тек батыс пен оңтүстік-шығыс өңірлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында және Абай облысының солтүстігінде 2 градус үсік жүреді.
Алина ИСМАҒҰЛОВА, "ҚАЗГИДРОМЕТ" РМК БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Қазақстанның басым бөлігінде құрғақ және шуақты ауа райы қалыптасты. Түнгі уақытта әлі де салқын болғанымен, күн біртіндеп ауаны жылытып, күндіз термометр бағаналары бүкіл Қазақстан бойынша, 23-30 градусқа дейін жоғарылайды.
А. Серік