Русский Сайттың толық нұсқасы

"AMANAT" партиясы жылыту маусымына дайындық барысын талқылады

  • AstanaTV
  • 21 қыркүйек 2022
  • 971

"AMANAT" партиясының елордалық филиалында жылу маусымына дайындық барысы талқыланды. Жылу өз мерзімінде берілуі керек дейді партиялықтар. Ыстық су мен салқын судан да проблема болмауы қажет.  Әсіресе жаңадан пайдалануға берілген нысандар ерекше бақылауда болады. Мамандардың айтуынша, тиісті жұмыстар жоспарға сай жүргізілуде. Ешқандай мәселе жоқ дейді.

Болат ОМАРОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ АСТАНА қ. ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ ӨҢІРЛІК ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қала өсіп келеді, Қала дамып келеді, тұрғындарды жылумен, ыстық сумен, электр қуатымен қамтамасыз ету қажет. Әкімдіктің бірінші кезекте барлық мәселелерді бақылайтыны түсінікті, бірақ біз партия тарапынан да бар күш-жігерімізді жұмсаймыз. Барлық іс-әрекет тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін жасалуда.

Б. Сатуов