Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ұлы дала Жорығының» шабандоздары үш күнде 300 шақырымды еңсерді

  • AstanaTV
  • 21 қыркүйек 2022
  • 1118

«Ұлы Дала Жорығы» бәйге-марафонының шабандоздары  үш күнде 300 шақырым жолды жүріп өтті. Үшінші күннің қорытындысы бойынша, Маңғыстау командасы межеленген жерге 27 сағат 19 минутта алғашқы болып жетті, ізін ала 27 сағат 40 минутта Шымкент командасы келген. Үшінші орындағы Ақтөбе шабандоздарының үш күндік көрсеткіші – 27 сағат 49 минут. Ал Қарағанды облыстық командасының мүшелері болдырып қалып,  жарыстан шықты.  Үш күнгі тоқтаусыз жүрістен  шаршаған аттылар Шұбаркөл ауылының іргесіне тоқтады.

Азат ЖҮКЕН, АҚТӨБЕ ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:


Осындай ұзақ қашыққа бәйгелер болса екен деп армандадық. Біздің аттар тасты өңірге келгенде іркіліп қалуы мүмкін. Сол үшін Ұлытаудан аман-есен өтіп кетсек деп отырмыз. Оның үстіне жылқыларымыз оңтүстіктің ыстығын көрмеген. Сол үшін шабандоздарымыз қатты шаппай, баяу келе жатыр. Осы жобаны естіген бетте аттарды ешқайда жібермей, ішінен мықтыларын сұрыптадық.

А. Задабек