Русский Сайттың толық нұсқасы

25 қазан ұлттық мереке: Парламент заң қабылдады

  • AstanaTV
  • 22 қыркүйек 2022
  • 1392

25 қазан ұлттық мереке-Республика күні болып белгіленді. Сенат «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға  енгізілетін өзгерістерді мақұлдады. 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тасталынды. Ал 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні  болып қалады.  Сондай-ақ, 25 қазан – Республика күні биылдан бастап жоғарғы деңгейде аталып өтіледі. Ол үшін  қосымша қаражат қарастырылмайды.

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:


25 қазан - Республика күні ұлттық мереке болып бекітіледі. Бұл -тарихи және өте маңызды шешім. Еліміздің тәуелсіздігі шынымен де, осы күннен басталады. Сондықтан, бұл күннің ұлттық мереке ретінде бекітілуінің өзі мемлекеттілік пен егемендік тұрғысынан маңызды қадам. Болашақта бұл мереке Тәуелсіздікті дәріптеп, нығайта түсуге септігін тигізеді деп сенеміз.

А. Базарбай