Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қазақстанға келген ресейліктер ұлттық еңбек нарығына айтарлықтай әсер етпейді",-Т.Дүйсенова

  • AstanaTV
  • 26 қыркүйек 2022
  • 1520

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қазақстанға келген ресейліктер ұлттық еңбек нарығына айтарлықтай әсер етпейді дейді. Оның айтуынша, көрші елден келгендерге бақылау жүргізіліп, тиісті ақпараттық жүйелер орнатылған. Министрдің мәліметінше,   пандемияға дейін елімізге  24 816 Ресей азаматы жұмыс істеу үшін келсе,   биыл жыл басынан бері 25 мыңнан астам ресейлік  келген. Жалпы соңғы   жарты жылда елге көшіп келуге ниет білдіргендер саны артқан.  Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушылдар да көп.  

Тамара ДҮЙСЕНОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:

Бүгінде елімізде Оңтүстіктен Солтүстікке қоныс аударушылар арнайы квотамен 7 өңірге бара алады. Жұмыс беріліп, баспанамен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, Евразиялық келісім бойынша да шетелдік азаматтарға елімізде қызмет етуге мүмкіндік берілген.